Әкімдер есебі

Өзекті мәселелер айтылды

Өткен аптада Ырғыз ауданының әкімі Аққанат Шахин Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округінің тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізді.

Құйылыс және Ө.Қанахин атындағы орта мектептердің мәжіліс залында өткен жиынға облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев, аудандық бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, 2020 жылға арналған міндеттерді баяндады.
Өз сөзінде аудан әкімі ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, жол салу, инфрақұрылымды жаңғырту сынды өзекті мәселелердің жоспарда бар екендігін атап өтті.

Кездесу барысында Аққанат Шахин ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

Есеп беру жиынынан кейін Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округтерінің тұрғындары аудан әкімі мен облыстық ветеринария басқармасының басшысының, сондай-ақ бірқатар аудандық бөлім басшыларының қабылдауында болып, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмыспен қамту сынды жеке мәселелерімен бөлісті.

Данагүл ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button